Жамбыл облысында қызметкерлерге нұсқаулық өткізілді

Жамбыл облысында қызметкерлерге нұсқаулық өткізілді

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Шымкент қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқу орталығында «Газтүтіннен қорғаушы» санаты бойынша қайта даярлау курстарына жіберілетін қызметкерлерге мақсатты нұсқаулықтар өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2026 жылға арналған оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Кездесу барысында қауіпсіздік техникасын сақтау және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға газтүтіннен қорғаушы мамандығы жоғары дайындықпен қатар, ережелерді қатаң сақтауды талап ететіні еске салынды. Мұндай нұсқаулықтар тәртіпті нығайтып, кәсіби даярлықты арттыруға және қауіпсіз әрекет дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Жамбыл облысы ТЖД