
Жуалы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғындармен кездесіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін түсіндірді. Іс-шара барысында тұрғындарға тұрмыста жиі кездесетін қауіптердің алдын алу жолдары айтылып, электр және газ құралдарын дұрыс пайдалану, пешпен жылыту маусымында сақтық шараларын сақтау туралы кеңестер берілді. Сонымен қатар, азаматтарға төтенше жағдай кезінде әрекет ету алгоритмдері түсіндіріліп, арнайы жадынамалар таратылды.
Жамбыл облысы ТЖД