
Меркі ауданында жазғы өрт қауіпті кезеңге дайындық аясында дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шараға төтенше жағдайлар қызметкерлері, орман шаруашылығы мен өңірлік парк мамандары, сондай-ақ ауылдық округтердің ерікті жасақтары қатысты. Арнайы техника жұмылдырылды. Оқу-жаттығу барысында өрттердің алдын алу, анықтау және жою бойынша іс-қимылдар пысықталып, қызметтердің өзара үйлесімділігі тексерілді. Қорытындысында барлық қызметтердің дала өрттеріне қарсы іс-қимылға дайындығы жоғары деңгейде екені анықталды.
Жамбыл облысы ТЖД