
Жоспарға сәйкес Жуалы ауданында орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Жаттығу барысында шартты түрде туындаған өрт ошағын жедел анықтау, оның таралуын шектеу және толық сөндіру бойынша іс-қимылдар пысықталды. Сонымен қатар бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Жаттығу қорытындысы бойынша бөлімшелердің дайындық деңгейі оң бағаланып, жеке құрамның кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігі атап өтілді.
Жамбыл облысы ТЖД