
Ұлттық кітап күніне орай Жамбыл облысының құтқарушылары өңірдегі кітапханаларға барып, танымдық экскурсияларға қатысты. Іс-шараның мақсаты – кітап оқуды насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу және қызметкерлердің мәдени дамуына көңіл бөлу. Экскурсиялар барысында мамандар кітапхана қорымен танысып, сирек кездесетін басылымдар мен жаңа әдебиеттерді көрді. Кітапхана қызметкерлері қатысушыларға кітап әлемінің ерекшеліктері туралы айтып, қызықты деректермен бөлісті. Сонымен қатар, құтқарушылар өзара кітап оқу мәдениеті туралы пікір алмасып, сүйікті шығармаларымен бөлісті.
Жамбыл облысы ТЖД