Қауіпсіздік – басты назарда

Қауіпсіздік – басты назарда

Жамбыл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Аса ауылы тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында құтқарушылар тұрғындарға ашық отты және электр құралдарын бақылауда ұстаудың маңыздылығын, аула мен су өтетін арықтарды тазалап ұстау қажеттігін, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу керектігін еске салды. Сонымен қатар жер сілкінісі кезінде сабыр сақтау, дүрбелеңге бой алдырмау және қауіпсіз жерге жасырыну қажеттігі ерекше атап өтілді.

Жамбыл облысы ТЖД