Талас ауданында ТЖ комиссиясының отырысы өтті

Талас ауданында ТЖ комиссиясының отырысы өтті

Талас ауданында Төтенше жағдайлар комиссиясының кезекті отырысы өтті. Оған аудан әкімдігі өкілдері мен жауапты мемлекеттік органдар қатысты. Күн тәртібінде төтенше жағдайлардың алдын алу, салдарын азайту және жедел әрекет ету мәселелері қаралды. Өрт қауіпсіздігі, шомылу маусымына дайындық және азаматтық қорғау жүйесінің тиімділігі талқыланды. Комиссия төрағасы алдын алу шараларын күшейтуді, тәулік бойы кезекшілікті ұйымдастыруды және материалдық-техникалық дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды. Халықты ақпараттандыру жұмыстарының маңыздылығы атап өтілді. Қабылданған шешімдер бақылауға алынды.

Жамбыл облысы ТЖД