Меркіде су тасқынының алдын алу шаралары бақылауда

Меркіде су тасқынының алдын алу шаралары бақылауда

Меркі ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Су нысандары тексеріліп, олардың жағдайы тұрақты бақылауға алынған. Аудан аумағында 24 су бөгеті, Меркі және Аспара өзендері, сондай-ақ Ленинжол су қоймасы бар. Барлық нысандарда жүйелі мониторинг ұйымдастырылып, өткен жылы су өткізу арналары тазартылып, өткізу қабілеті арттырылған. Қазіргі таңда жауын-шашынның артуына байланысты тәулік бойы кезекшілік енгізіліп, жауапты қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Жалпы жағдай тұрақты, су тасқыны кезеңі бақылауда.

Жамбыл облысы ТЖД