
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жеке құраммен «Қаржылықсауаттылық: қазіргі қоғамдағы рөлі мен маңызы» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шараға М.Х. Дулати атындағы Таразуниверситетінің доценті экономика ғылымдарының кандидаты Дилором Джунусова қатысты. Семинар барысында жеке қаржыны басқару, қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ қаржылық мәдениет деңгейін арттырудың өзект імәселелері қарастырылды. Қатысушыларға қызықтырған сұрақтар бойынша практикалық ұсыныстар мен түсіндірулер берілді. Осындай іс-шараларды өткізу қызметкерлердіңқаржылық сауаттылығын арттыруға және жеке қаржыға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Жамбыл облысы ТЖД