Жамбыл ауданының шекара маңындағы елді мекендерінде профилактикалық іс-шаралар өткізілді

Жамбыл ауданының шекара маңындағы елді мекендерінде профилактикалық іс-шаралар өткізілді

Жамбыл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері шекара маңындағы елді мекендерде профилактикалық іс-шаралар жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға өрт қауіпті кезеңнің алдын алу, құраған шөпті өртеуге жол бермеу, сондай-ақ алдағы шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар азаматтардың жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылып, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары еске салынды.

Жамбыл облысы ТЖД