
«Адал азамат» бағдарламасы аясында Амангелді атындағы орта мектепте оқушылармен кездесу өтті. ТЖД қызметкерлері оқушыларға құтқарушы мамандығының ерекшеліктері, жауапкершілігі және қажетті дағдылары туралы айтып берді. Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелері мен төтенше жағдайларда әрекет ету жолдары түсіндірілді. Оқушылар сұрақтар қойып, толық жауап алды. Кездесу олардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға ықпал етті.
Жамбыл облысы ТЖД