
Меркі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен №9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жоспарлы түрде өрт-тактикалық сабақ өткізді. Іс-шара М. Әуезов атындағы №9 жалпы орта білім беретін лицей базасында ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу барысында шартты өрт дабылы беріліп, қызметкерлер жедел әрекет етіп, барлау жүргізді, адамдарды эвакуациялап, өрт ошағын анықтау және жою тәсілдерін пысықтады. Сонымен қатар, арнайы техникалар мен құрал-жабдықтарды тиімді пайдалану көрсетілді. Сабақ аясында оқушылар мен мектеп қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді. Мұндай іс-шаралар төтенше жағдайлардың алдын алуда және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Жамбыл облысы ТЖД