Жамбыл ауданында өрт-тактикалық сабақ өтті

Жамбыл ауданында өрт-тактикалық сабақ өтті

Жамбыл ауданы Аса ауылындағы теміржол станциясында жоспарға сәйкес «Теміржол көлігінің жылжымалы құрамдарындағы, тауар және іріктеу станцияларындағы өртті сөндіру» тақырыбында өрт-тактикалық сабақ өткізілді. Іс-шараға Жамбыл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің №6 өрт сөндіру бөлімінен 2 бірлік техника мен 10 қызметкер қатысты. Жаттығу барысында теміржол көлігіндегі өрттің туындауы және оның таралу жағдайлары пысықталды. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша жеке құрамның іс-қимылдары мен нысан қызметкерлерінің қауіпсіздік талаптарын сақтау деңгейі талқыланып, оң баға берілді.

Жамбыл облысы ТЖД