
Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Талас аудандық бөлімшесінде жоспардан тыс өрт-тактикалық сабақ өткізді. Сабақ барысында шартты өрт жағдайы ұйымдастырылып, оны жою, адамдарды эвакуациялау және қауіпсіздік талаптарын сақтау алгоритмдері тәжірибе жүзінде пысықталды. Қатысушылар нақты жағдайға барынша жақындатылған ортада өз дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар, бөлімше қызметкерлеріне өрт кезіндегі алғашқы әрекеттер, өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану және қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттырып қана қоймай, түрлі қызметтердің өзара іс-қимылын нығайтуға мүмкіндік береді.
Жамбыл облысы ТЖД