
Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Жамбыл ауылдық округінде өрт қауіпсіздігі және су тасқынының алдын алу бойынша тұрғын үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға қыс мезгілінде жылу көздерін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі ескертілді. Пеш, электр жылытқыштары мен газ қондырғыларын дұрыс қолданбау өрттің туындауына әкелуі мүмкін екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар, су тасқыны кезеңінде сақтық шараларын сақтау бойынша ұсыныстар берілді.
Жамбыл облысы ТЖД