
Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі гарнизонында жеке құраммен профилактикалық жиналыс өткізілді. Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаттары аясында ұйымдастырылды. Жиналыс барысында жол қозғалысы қауіпсіздігі, лудоманияның алдын алу, қызметтік тәртіп пен киім үлгісін сақтау, суицидтің алдын алу, тұрғын үй төлемдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасы құндылықтарын нығайту мәселелері қаралды. Қызметкерлерге заң талаптарын қатаң сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту және моральдық-психологиялық тұрақтылықты арттыру қажеттілігі түсіндірілді.
Жамбыл облысы ТЖД