
Жуалы ауданының аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында өрт сөндіру автокөліктерінің еркін қозғалуына кедергі келтіретін жағдайлар жиі кездеседі. Атап айтқанда, ретсіз қойылған автокөліктер мен заңсыз орнатылған шлагбаумдар төтенше жағдайда үлкен қауіп төндіреді. Осыған байланысты Жуалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мамандар төтенше жағдай кезінде әрбір секундтың маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, тұрмыста өрттің алдын алу үшін балалардың отпен ойнауына жол бермеу, электр құрылғыларын дұрыс пайдалану, оларды қолданғаннан кейін сөндіру, сондай-ақ газ плитасын қараусыз қалдырмау қажеттігі ескертілді.
Жамбыл облысы ТЖД