
Талас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында автокөлік иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру және төтенше жағдайлар кезінде арнайы қызметтердің кедергісіз қозғалуын қамтамасыз ету. Түсіндіру барысында азаматтарға автокөліктерді арнайы белгіленген тұрақ орындарына қою, аулалардағы жолдарды жаппау, сондай-ақ өрт сөндіру және құтқару техникаларына кедергі келтірмеу қажеттігі түсіндірілді. Мамандар төтенше жағдай кезінде әрбір минуттың маңызды екенін атап өтіп, дұрыс қойылмаған көліктердің адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.
Жамбыл облысы ТЖД