
Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы аумағында Жуалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізді. Іс-шара барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, құтқару кеудешесін кию, су жағасында абай болу, балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ мас күйінде суға жақындамау, өрт қауіпсіздігін сақтау және ауа райын алдын ала тексеру керектігі айтылды. Бұл жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған.
Жамбыл облысы ТЖД