
Сарысу ауданында жасөспірімдердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шара өтті. Аудандық мәдениет үйінде «Жас құтқарушы» клубының мүшелеріне арнайы куәліктер табысталды. Салтанатты жиынды аудан әкімі ашып, жас құтқарушылардың қоғамдағы рөліне тоқталып, оларға сәттілік тіледі. Ол төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет етудің маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында ТЖ бөлімінің бастығының міндетін атқарушы Қуаныш Тастыбаев клуб мүшелеріне куәліктерді табыстады. Ол жас құтқарушылардың алған білімдерін тиімді пайдаланып, ел қауіпсіздігіне үлес қосатынына сенім білдірді. Мұндай бастамалар жасөспірімдердің жауапкершілігін арттырып, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Жамбыл облысы ТЖД