
Тараз қаласында №85395 әскери бөлімінің аумағында шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылып, өткізілді. Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес, өрт казарма ғимаратында электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан туындаған. Іс-шараға Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері мен әскери бөлімнің жеке құрамы тартылып, олардың өзара іс-қимылы тәжірибе жүзінде пысықталды. Қатысушылар жағдайды бағалау, барлау жүргізу, адамдарды эвакуациялау және өртті бастапқы сатыда сөндіру дағдыларын жетілдірді. Сондай-ақ, оқу-жаттығу барысында нысан қызметкерлерінің өрт кезіндегі іс-әрекеттері, хабарлау жүйесінің жұмысы және қауіпсіз аймаққа эвакуациялау тәртібі тексерілді. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылармен қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері талқыланып, оқу-жаттығуға баға берілді.
Жамбыл облысы ТЖД