Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қорытындыланды

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қорытындыланды

Жамбыл облысында Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралар қорытындысы бойынша Орталық коммуникациялар қызметі алаңында брифинг өтті. Брифингте ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Валихан Валиев айлық аясында атқарылған жұмыстарды таныстырды. Оның айтуынша, облыс бойынша кең көлемде оқу-жаттығулар, ашық сабақтар, көрмелер мен ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылып, мыңдаған тұрғын қамтылды. Сондай-ақ, командалық-штабтық және тактикалық жаттығулар өткізіліп, төтенше жағдайларға дайындық деңгейі пысықталды. Жалпы, іс-шаралар халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталды.

Жамбыл облысы ТЖД