
Жамбыл аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен Отбасы қолдау орталығының мамандары бірлесіп маңызды іс-шара өткізді. Іс-шара барысында суицидтің алдын алу, құмар ойындардың зияны, қаржылық сауаттылық және отбасылық қарым-қатынасты нығайту тақырыптары қамтылды. Қатысушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша кеңестер берілді. Сонымен қатар, психолог маман арнайы тренинг өткізіп, эмоционалды тұрақтылықты арттыру, күйзеліске төзімділік және тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту жолдарын көрсетті.
Жамбыл облысы ТЖД