
№2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі базасында өткен танымдық шараға №40 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты. Экскурсия барысында оқушылар өрт сөндіру-құтқару техникаларымен танысып, құтқарушылардың күнделікті қызметі туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, өрт сөндірушілер мұражайын аралап, сала тарихымен танысты. Шара аясында Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, өрттің алдын алу және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жамбыл облысы ТЖД