
Тараз қаласы ТЖБ №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің мәжіліс залында Жамбыл облысы ТЖД Кадр және тәрбие жұмыстары басқармасымен арнайы семинар өтті. Іс-шараға бөлім қызметкерлері және Zoom платформасы арқылы облыстың өзге бөлімшелерінің жеке құрамы қатысты. Семинар барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, заңнама талаптарын және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері қаралды. Қызметкерлерге жеке жауапкершілік, қызметтік тәртіп, ашықтық пен адалдық қағидаттарының маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, психологиялық тұрақтылықты сақтау және ұжымдағы қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.
Жамбыл облысы ТЖД