Теріс-Ащыбұлақ су қоймасында балықшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Теріс-Ащыбұлақ су қоймасында балықшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында балық аулау кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттігін ескертті. Түсіндіру барысында азаматтарға қайықпен немесе жағалауда жүргенде қауіпсіздік кеудешесін пайдалану, ауа райының қолайсыз кезінде суға шықпау, балаларды қараусыз қалдырмау және белгіленбеген жерлерде суға түспеу жөнінде кеңес берілді. Сонымен қатар, балықшыларға демалыс кезінде жағалауда ашық отты қараусыз қалдырмау, қоқысты жинау және табиғат аясында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Жамбыл облысы ТЖД