Меркі ауданында қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Меркі ауданында қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Меркі ауылы ауылдық округінде Меркі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері тұрғын үйлерді аралап, өрт қауіпсіздігі мен су тасқынының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға пеш, электр жылытқыштары және газ қондырғыларын қауіпсіз пайдалану, мұржаларды тазалау, ақаулы сымдарды қолданбау және электр желісіне артық күш түсірмеу қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар, арықтар мен су өткізу жолдарын тазалап, аулалардағы қарды уақытылы шығару керектігі түсіндірілді.

Жамбыл облысы ТЖД