Жуалы ауданында өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жуалы ауданында өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері газ шаруашылығы мамандарымен бірлесіп, тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында тұрғындарға газ құрылғыларын дұрыс пайдалану, олардың техникалық жағдайын тұрақты бақылау және ақау анықталған жағдайда мамандардың көмегіне жүгіну қажеттігі түсіндірілді. Мамандар тұрмыстық қоқысты дұрыс жою мәселесіне де ерекше назар аударды.

Жамбыл облысы ТЖД