Жуалы ауданы аумағындағы шалғай орналасқан шаруа қожалықтарында малшылармен және шаруа қожалықтары иелерімен түсіндіру-насихат жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында ауа райының қолайсыз кезеңінде мал бағуға шыққан кезде жергілікті жерге бағдарлану және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында GPS-трекерлермен, ұялы және спутниктік телефондармен, сондай-ақ интернетке қосылуға арналған модемдермен қамтамасыз етілу қажеттігі түсіндірілді. Түсіндіру жұмыстары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізілді.
Жамбыл облысы ТЖД