Құтқарушылардың жедел әрекеті өрттің таралуына жол бермеді

Құтқарушылардың жедел әрекеті өрттің таралуына жол бермеді

3 сәуір күні сағат 12:15-те Жамбыл облысы ТЖД 112 пультіне Тараз қаласындағы 105 разъезд ауданында ескі автокөлік шиналарының жанғаны туралы хабарлама түсті. Хабарлама түскен сәттен бастап Департаменттің күштері мен құралдары оқиға орнына жедел жіберілді. Құтқарушылардың үйлесімді және кәсіби іс-қимылының арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Өрттің айналадағы аумаққа таралуына жол берілген жоқ. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Шығу себебі анықталуда.

Жамбыл облысы ТЖД