
Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері жергілікті атқарушы орган және ауыл шаруашылығы бөлімімен бірлесіп, шаруа қожалықтарының иелері мен қызметкерлеріне арналған жиналыс өткізді. Жиында өрт қауіпті маусымдағы қауіпсіздік шараларын сақтау, сондай-ақ шаруа қожалықтары қызметкерлерінің жоғалуын болдырмау мәселелері қаралды. Мамандар өрттің шығу себептері, оның алдын алу жолдары және төтенше жағдайда алғашқы әрекеттер туралы түсіндірді. Сонымен қатар, малшыларды, шопандар мен жылқышыларды GPS-трекерлермен, ұялы және спутниктік телефондармен, интернетке қосылатын модемдермен қамтамасыз ету қажеттігі айтылды. Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті мамандардан жауап алды.
Жамбыл облысы ТЖД