
Жуалы ауданы аумағында тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға өрттің алдын алу жолдары түсіндіріліп, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, аулада қоқыс жағу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі ескертілді. Ашық отты қараусыз қалдырмау, желді күні от жақпау және жанғыш заттардан алыс жерде жағу керектігі түсіндірілді.
Жамбыл облысы ТЖД