Қазақстанның ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру бойынша жұмыстарды аяқтады. 1 сәуірден бастап «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер базасы «ақпараттық жүйесіндегі» электрондық үкіметтің» веб-порталына (eLicense.kz) электрондық форматта «Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге өтініш беру мүмкіндігі пайда болды. Жаңа қызмет Төтенше жағдайлар министрлігінің, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің, сондай-ақ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды. Толығырақ ҚР ТЖМ ресми сайтынан оқыңыз. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
Жамбыл облысы ТЖД