
Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі мен Меркі ауылы №9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Меркі аудандық шекара басқармасы аумағында өрт-тактикалық сабақ өткізді. Сабақ барысында шартты өрт жағдайы ұйымдастырылып, жеке құрам оқиға орнына жедел жетіп, барлау жұмыстарын жүргізді. Өрт ошағы анықталып, адамдарды эвакуациялау және өртті сөндіру бойынша іс-қимылдар пысықталды. Сонымен қатар, өрт сөндіру техникасы мен құрал-жабдықтарын пайдалану, сондай-ақ шекара басқармасы қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі тексерілді.
Жамбыл облысы ТЖД