
Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен «Жас құтқарушы» клубы мүшелеріне алғашқы дәрігерлік көмек көрсету және жауынгерлік қанат жаю бойынша практикалық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – жасөспірімдерді төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет етуге үйрету. Қатысушыларға алғашқы көмек көрсету, қан кетуді тоқтату, жарақат алған кездегі алғашқы іс-қимылдар түсіндірілді. Клуб мүшелері арнайы жабдықтарды пайдаланып, практикалық тапсырмаларды орындады.
Жамбыл облысы ТЖД