
Балаларды бірнеше минутқа болса да қараусыз қалдырмаңыздар. Сіріңкемен, розеткамен, қуаттағыш құрылғылармен және ұялы телефонмен ойнау өртке және ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін: • сіріңке және басқа да от көздерін балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыздар; • балаларға электр құралдары мен қуаттағыштарды өз бетінше пайдалануға рұқсат бермеңіздер; • балаға оттың қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріңіздер; • балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыздар. Өрт болған жағдайда дереу 112 немесе 101 нөміріне қоңырау шалыңыздар.
Жамбыл облысы ТЖД