Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы аумағында балық аулаушыларға судағы және өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Шара барысында азаматтарға су айдындарында абай болу, қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, ашық от жақпау, қураған шөп пен қоқысты өртемеу керектігі ескертілді. Қатысушыларға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі тағы да түсіндірілді.
Жамбыл облысы ТЖД