Тараз локомотив жөндеу депосында өрт-тактикалық жаттығу өтті

Тараз локомотив жөндеу депосында өрт-тактикалық жаттығу өтті

Қамқор Локомотив аумағында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті күштерімен жоспардан тыс өрт-тактикалық жаттығу өткізілді. Жаттығуға 6 техника мен 32 адам қатысты. Құтқарушылар шартты түрде 1 адамды құтқарып, 25 адамды эвакуациялады. Өртті сөндіруге өрт сөндіру пойызы жұмылдырылып, лафеттік оқпан қолданылды. Сондай-ақ нысан аумағындағы су көздері, гидранттар және кіріп-шығу жолдары тексерілді.

Жамбыл облысы ТЖД