
Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері шаруа қожалық иелерімен бірлесіп дөңгелек үстел ұйымдастырды. Кездесу барысында алыс жайылымдарда жұмыс істейтін малшыларды спутниктік байланыс құралдарымен және ұялы телефондармен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, GPS құрылғыларын пайдалану арқылы адамдардың орналасқан жерін анықтау және төтенше жағдай кезінде жедел көмек көрсету мүмкіндіктері түсіндірілді. Дөңгелек үстелде табиғи және техногендік қауіптердің алдын алу шаралары да қаралды. Атап айтқанда, дала өрттерінің алдын алу үшін минералды жолақтар салудың маңыздылығы айтылып, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту қажеттігі атап өтілді.
Жамбыл облысы ТЖД