Б.Момышұлы ауылында қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Б.Момышұлы ауылында қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Б.Момышұлы ауылы аумағында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында өрт қауіпсіздігі, балаларды қараусыз қалдырмау, жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар, сондай-ақ балалардың терезеден құлауының алдын алу және автокөлік өрттерінің себептері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар тұрғындарға тұрмыстағы өрттің алдын алу шараларын кеңінен түсіндірді. Әсіресе электр құрылғыларын дұрыс пайдалану, пеш пен газ жабдықтарын қараусыз қалдырмау, жанғыш заттарды қауіпсіз сақтау қажеттігі айтылды. Өрттің көп жағдайда адам салғырттығынан болатыны ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, ата-аналарға балаларды үйде жалғыз қалдырмау, терезелерге арнайы қорғаныс құралдарын орнату және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету жөнінде кеңестер берілді.

Жамбыл облысы ТЖД