
Бүгін Тараз қаласындағы «Казфосфат теміржол транспорттық кешені» ЖШС аумағында өрт тактикалық сабақ өтті. Шара барысында аталған аумақта орналасқан темір жол көліктеріне жөндеу жүргізуге арналған база ішінде Электровоз Локомативін жөндеу кезінде өрт оқиғасы орын алуы салдарынан жанында тіркемеде тұрған Жанар-жағармай толтырылған цистернаға қауіп туды. Куәгерлер жедел түрде «101» телефон нөміріне қоңырау шалып, құтқарушылар келгенге дейін адамдарды эвакуациялау, өрт кезінде алғашқы әрекет ету жұмыстарын атқарды. Шақырту орнына жеткен өрт сөндіруші-құтқарушылар өрт сөндіру жұмыстарымен қатар, ғимарат ішінде жарақат алуы салдарынан қалып қойған 2 адамды құтқарып, оларға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетті. Жалпы өртті сөндіруге 14 бірлік техника мен 42 адам жеке құрам жұмылдырылды. Өрттің көлемі 150 ш.м. құрады.Шартты өрт оқиғасы орнында 5 газ-түтіннен қорғау буыны тиісті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, өрт сәтті сөндірілді. Шара соңында нысан қызметкерлеріне өрттің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, іс-шара қорытындыланды.
Жамбыл облысы ТЖД