Тараз қаласы әкімдігінің аппаратында азаматтық қорғаныс саласында мерзімді тексеріс жүргізілді

Тараз қаласы әкімдігінің аппаратында азаматтық қорғаныс саласында мерзімді тексеріс жүргізілді

Тексеріс барысында азаматтық қорғаныс жүйесінің дайындығы жан-жақты бағаланды. Атап айтқанда, жоспарлау құжаттарының өзектілігі мен толықтығы, басқару пункттерінің және материалдық-техникалық қоймалардың жай-күйі қаралды. Сонымен қатар, эвакуациялық жинақтау пунктінің дайындығы тексеріліп, шұғыл әрекет ету жасағы сапқа тұрғызылып, олардың іс-қимылдары пысықталды. Жүргізілген тексеріс нәтижесінде азаматтық қорғаныс саласындағы дайындық деңгейін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Жамбыл облысы ТЖД