Таразда өрт-тактикалық сабақ өтті

Таразда өрт-тактикалық сабақ өтті

Азаматтық қораныс күні аясында Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен «Қазақстан темір жолы» АҚ Жамбыл облыстық филиалының әкімшілік ғимаратында өрт-тактикалық сабақ өткізілді. Аталған жаттығуға Апаттар медицинасы орталығының жеке құрамы да қатысты. Шараға барлығы 5 бірлік техника мен 20 адам жеке құрам жұмылдырылды. Өрт-тактикалық сабақтың тактикалық сценариі бойынша аталған ғимараттың 2-қабатындағы жұмыс кабинеттерінің бірінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы салдарынан өрт шығып, нысан қызметкерлері өрт сөндіруші-құтқарушылар келіп жеткенше алғашқы өрт сөндіру жұмыстарын атқарған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар кәсіби жұмыстарын өз деңгейінде атқарды. Оқиға орнында 2 жауынгерлік участок жұмыс атқарды және 1 газ-түтіннен қорғау буыны тиісті өрт сөндіру, құтқару жұмыстарымен айналысты. Сондай-ақ, автосаты көмегімен 2-қабаттан 1 адам құтқарылып, зардап шеккендерге Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетті. Оқу-жаттығу соңында ТЖ басқармасының қызметкерлері аталған «Қазақстан темір жолы» АҚ қызметшілеріне өрт туындағанда атқарылуы тиіс алғашқы әрекеттерді түсіндірді. Сондай-ақ, нысан аумағындағы өрт сөндіргішті қалай қолдану қажеттігін көрсетіп, нысан ерекшеліктерімен танысты.

Жамбыл облысы ТЖД