
Т.Рысқұлов ауданының №10 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы Құлан ауылының №6 мектеп-гимназиясында өрт-тактикалық сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты – өрт кезінде жедел әрекет ету, адамдарды қауіпсіз эвакуациялау және өрт сөндіру тактикасын жетілдіру болды. Оқу-жаттығу барысында шартты өрт жағдайы жасалып, өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, барлау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, мектеп қызметкерлері мен оқушыларға эвакуациялау тәртібі түсіндіріліп, қауіпсіздік шаралары көрсетілді. Іс-шара барысында өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өздерінің кәсіби дайындықтарын көрсетіп, қойылған міндеттерді жоғары деңгейде орындады.
Жамбыл облысы ТЖД