Талас ауданында декларация тапсыру тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Талас ауданында декларация тапсыру тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлеріне Талас ауданы салық басқармасының мамандары келіп, декларация тапсыру тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында мамандар декларацияны уақтылы және дұрыс тапсырудың маңыздылығын атап өтіп, оны толтырудың негізгі талаптары мен кезеңдерін жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, тиісті кеңестер ұсынылды. Аталған іс-шара қызметкерлердің қаржылық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ салықтық міндеттемелерді дұрыс әрі уақтылы орындауына оң әсерін тигізеді.

Жамбыл облысы ТЖД