
Жаңатас қаласындағы супермаркет ғимаратында өрт-тактикалық сабақ өткізілді. Іс-шара Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен Жаңатас қаласы №16 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының қатысуымен өтті. Сабақ барысында нысанның тактикалық ерекшеліктері зерделеніп, шартты өрт кезінде күштер мен құралдардың іс-қимылдары пысықталды. Сонымен қатар, ғимарат қызметкерлеріне өрт туындаған жағдайда атқарылуы тиіс алғашқы әрекеттер түсіндіріліп, өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша нұсқаулық жүргізілді.
Жамбыл облысы ТЖД