
Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуде. Іс-шара барысында жеке тұрғын үйлерді аралау ұйымдастырылып, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары өткізілді. Азаматтарға тұрмыстық электр құралдарын дұрыс пайдалану, газ құрылғыларын бақылауда ұстау және пеш жағу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар, тұрғындарға өрттің алдын алу және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету жолдары түсіндіріліп, арнайы жадынамалар таратылды.
Жамбыл облысы ТЖД