Жуалы ауданында зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі өтті

Жуалы ауданында зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі өтті

Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің №7 өрт сөндіру бөлімінде азаматтық қорғау сержанты, бөлімше командирі Қуаныш Әбдімәлікұлы Абділдаевты құрметті зейнеткерлік демалысқа шығарып салу салтанатты іс-шарасы өтті. Қуаныш Әбдімәлікұлы азаматтық қорғау саласында 25 жыл қызмет атқарып, өзін жауапты, тәртіпті және тәжірибелі қызметкер ретінде көрсетті. Ол әріптестері арасында үлкен құрметке ие болып, қызмет еткен жылдары түрлі төтенше жағдайларды жою жұмыстарына қатысып, жас қызметкерлерге үлгі болды. Салтанатты шара барысында басшылық пен жеке құрам көп жылғы адал еңбегі үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, зейнеткерлікке шығарып салу кезінде су шашу рәсімі орындалды. Бұл дәстүр – қызметке деген алғыс пен алдағы өмір жолына ақ тілек білдірудің белгісі. Ұжым ардагерге мықты денсаулық, отбасы амандығын және бақытты, берекелі өмір тіледі.

Жамбыл облысы ТЖД