
Тараз қаласының орталық алаңында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өтті. Аталған шараға Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы қатысты. ТЖД қызметкерлері қала тұрғындары және қонақтарымен бірге жаңару мен берекенің, бірлік пен татулықтың символы саналатын мерекені бірге қарсы алды. Іс-шара барысында концерттік бағдарлама, ұлттық ойындар, көрмелер ұйымдастырылды. Құтқарушылар мерекелік шараларға белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл-күй мен достық атмосферасын қалыптастыруға үлес қосты. Наурыз мейрамы – халықтың бірлігі мен татулығын, ұлттық дәстүрге деген құрметті айқындайтын жарқын мереке болды.
Жамбыл облысы ТЖД