Талас ауданында кәсіпкерлерге заң талаптары түсіндірілді

Талас ауданында кәсіпкерлерге заң талаптары түсіндірілді

Талас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, кәсіпкерлерге арналған түсіндіру кездесуін өткізді. Кездесу барысында адамдар жаппай жиналатын нысандар мен биіктігі 28 метрден асатын ғимараттарды пайдалануға беру кезінде олардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды алу тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелері кеңінен талқыланып, өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жұмыстары «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы, «электрондық үкімет» веб-порталы негізінде жүзеге асырылатыны айтылды. Мамандар кәсіпкерлерге қолданыстағы талаптарды сақтау нысандардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты кепілі екенін атап өтті. Мұндай кездесулер кәсіпкерлердің заң талаптарын дұрыс түсініп, қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Жамбыл облысы ТЖД